$ 443.35  475.54  4.82

Әнші Ердос Қанаевтың 9 жыл ауырған тұңғышы көз жұмды

9 жастағы дертті баланың ата-анасы аурухана мен үйдің арасында жүрген 9 жыл туралы ешкімге ештеңе айтпаған.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Әнші Сәкен Майғазиев өзінің Instagram парақшасында әріптесі Ердос Қанаевқа баласының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Иманы берік алтын бауырым, Ердостай, тұла бойы тұңғыштарыңды Алла тағала мейіріміне бөлегей. Әбдурахим баламыз келін екеуіңе қияметте шапағатшы болсын», - деді Сәкен Майғазиев.

Өзге желі қолданушылар да әншіге отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтуда.

Еске сала кетсек, Ердос Қанаев келіншегімен бірге «Астана» арнасының «Той жыры» бағдарламасына сұхбат беріп, сол сәтте тұңғыштары Әбдурахимның сырқатына байланысты сырын екі көзі жасқа толып отырып ақтарған еді.

«Алғаш рет ата-ана болдық деп қуанып жүрдік. Бірақ, үлкен баламыз сынақпен келді. Ауыр диагнозбен туып, екі айына дейін вакуумде жатты. Жалпы, қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ. Бала өмірге келді деген кезде қатты қуандық та, артынан жаңағыдай жағдайды естігеннен кейін екеумізге қатты соққы болды», - дейді ол.

Әншіге Instagram желісіндегі көптеген оқырмандары «Үлкен балаңызды неге көрсетпейсіз? Төрт балам бар дейсіз, бірақ біреуі қайда?» деп жаза береді екен. Алайда, 9 жастағы дертті баланың ата-анасы аурухана мен үйдің арасында жүрген 9 жыл туралы ешкімге ештеңе айтпаған.

Сәбидің жерлеу рәсімі Тұздыбастау ауылының Орынтай ықшам ауданында сағат 14:00-де өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары