$ 443.85  474.3  4.8

Атақты актриса ұзақ уақыт бойы ауырып қайтыс болды

Әртісті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі Мәскеуде өтеді.
фото: Яндекс
фото: Яндекс

Совет одағының кезінде шыққан «Операция "Ы" және Шуриктің оқиғалары» секілді комедиялық фильмдердегі рөлдері арқылы танылған актриса Светлана Агеева Мәскеуде қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ria.ru-ға сілтеме жасап.
    
Атақты актрисаның өлімі жайлы ол қызмет еткен Липецк драма театрының директоры Галина Кулешова мәлімдеді. Кулешовтың сөзінше, актриса ұзақ уақыт бойы  ауыр дертпен күресіп, соның салдарынан 79 жасында көз жұмыпты.

Әртісті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі Мәскеуде өтеді.

Агеева жоғары, кәсіби білімді актриса. 2000-2011 жылдары аралығында Липецк драма театрының сахнасында көптеген рөлдерді сомдаған. Оған қоса, «Совесть», «Я купил папу», «Увольнение на берег», «Приезжайте на Байкал»  және «Русские бабы» секілді көптеген фильмдерге түскен. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары