$ 443.85  474.3  4.8

«Ату керек»: жастар Әнұранды да хайпқа айналдыра бастады (ВИДЕО)

Желі белсенділері жастардың әрекетін сынға алып, теріс пікірлерді жаудырып жатыр.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

TikTok әлеуметтік желісінде ҚР Әнұранын ремикске айналдырып, бейнесін өзгертетін жастардың видеосы хайпқа айналып барады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жастардың Әнұранға деген мазақ видеосын @ztb_kz Instagram-парақшасы біріктіріп жариялады.

Видеода жас жігіттер мен қыздар қолдарын жүрек тұсына қойып, Әнұранның алғашқы аккордына дайындалады да, кенеттен әуен тоқтап, олардың түр-әлпеті өзгеріп, заманауи бейнеге енеді.

Желі белсенділері жастардың әрекетін сынға алып, теріс пікірлерді жаудырып жатыр.

"Отансүйгіштік пен сыйластықтан жұрдай жастар", "Мұнысымен не айтпақ бұлар?", "Бұлар міндетті түрде жазалануы тиіс!", "Қазақ деген иісті жоғалттық деген осы шығар", "Әнұранды мазақ етіп бітті", "Қызтекелерді ату керек", "Намысы жоқ малдар", "Ептей алмайтындар", - деп шуласты олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары