28.04.2020, 17:20

«Жоқ, бермеңіз»: Мөлдір Әуелбекова баласының әкесімен қайта қосылды ма?

Фото: Инстаграм moldir.auyelbekova
"Бір шанс бер дейді, қайтейін?", - деп жазған оның сұрағын, желі қолданушылары "Мөлдір бұрынғы күйеуіне қатысты айтып отыр" деп топшылады.

Мөлдір Әуелбекова желідегі оқырмандарына жеке өміріне қатысты риторикалық сауал тастап, ойландырып қойды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бір шанс бер дейді, қайтейін?", - деп жазған оның сұрағын, желі қолданушылары "Мөлдір бұрынғы күйеуін айтып отыр" деп топшылады.

Сонымен қатар оқырмандар сұраққа өздерінше жауап жазып, ақылға ақыл қосып жатыр.

"Мұндай шанс келе бермейді", "Жүрегіңізді тыңдаңыз", "Жоқ, бермеңіз", "суретке қарағанда футболист қой деймін", "Кім айтады?", "Өмір сіздікі", "Балаңның әкесі болса бер, басқаға шанс беру керек емес", "Ой жаным-ау, Мөлдіржан, шын жүректен сұрап тұрса, мүмкіндік беріп көрсең қайтеді. Түріне қарағанда жаман адам емес сияқты", - деп пікір қалдырып жатыр олар.