Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш әрі тележүргізуші Қайрат Әділгерейдің қазіргі елдегі орын алып жатқан ахуал жайында ашынып айтқан видеожазбасы тарап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл видеожазбаны продюсер Серік Абас-шах "Өзіміз істей салайықшы. Айтпайын десең айтқызады", - деген пікірімен instagram парақшасында жариялады.
"Мешітті халық өздері салып жатыр, ауру балаларды өзіміз емдеп жатырмыз, үйі жоқтарға өзіміз үй алып беріп жатырмыз, коронавируспен халық ауырып жатыр еді оны да өзіміз емдеп, апаратты алып беріп жатырмыз. Енді осы коронавирус біткеннен кейін, Астанадағы Қабанбай батыр көшесін оңдау үшін қытайдан ақша сұраймыз деді ғой?, соны сұратпау керек, керек жоқ, өзіміз ақша жинап оңдап береміз. Онсызда халық бәрін өзі істейді", - деді әзілкеш Қайрат Әділгерей.