$ 494.87  520.65  4.91

«Қазір жүрегі бар адамның тыныш ұйықтауы мүмкін емес...» - Димаш Құдайберген

Біз оларды, мына қаралы күндерді ешқашан ұмытпаймыз.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген желіде Жалпыұлттық аза тұту күніне орай пікірін білдіріп, халықты сабырға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында жазды.

«Өкінішке қарай, күллі әлемді шарпыған пандемия Қазақстанды да айналып өтпеді. Қаншама отбасы қара жамылды. Күн сайын мен танитын, танымайтын қаншама адам өмірден өтіп жатыр. Бұл неткен қасірет еді... Қазір жүрегі бар адамның тыныш ұйықтауы мүмкін емес...» - деп жазды әнші.

Тағы оқи отырыңыз:

«Ненің құрметіне отшашу?»: Димаш Құдайберген әкімдіктің тірлігін сынға алды

«Бүгін - Аза тұту күні! Осы індеттің кесірінен қайтыс болған барлық адамды жаратушы иеміз панасына алғай! Марқұмдардың туған-туыстарына сабыр тілеймін. Біз оларды, мына қаралы күндерді ешқашан ұмытпаймыз. Қазіргі міндет – ауырып жатқандарды аман алып қалу. Әрбір адам үшін күресуіміз керек. Бәріміз осы ұлы мұрат жолында жұмылуымыз қажет. Тезірек індет аяқталып, мамыражай күндеріміз қайта келеді деп сенемін. Ендігі жерде Көк Байрағымыз еңкеймегей!» - делінген жазбада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары