$ 494.87  520.65  4.91

«Біз ең жақсы достар, көңілдестер, серіктестер болдық»: Тимати әйелімен ажырасып кетті

Модель Тимати екеуінің қарым-қатынасына үшінші бір адамның араласпағанын ашық айтты.
фото: Repost.uz
фото: Repost.uz

Әнші Тиматидің сүйіктісі Анастасия Решетова алты жылдық романтикалық қарым-қатынастан кейін өнер иесімен жолдары екіге айырылғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Бұл жыл көптеген адам үшін қиын сынақ болды, бірақ, біздің одақ оған шыдай алмады. Біз енді бір бүтін емеспіз, күйеуі мен әйелі емеспіз, бірге тұрмаймыз. Біз кездескен сәттен бастап осы жазға дейінгі керемет 6 жыл өтті. Біз ең жақсы достар, көңілдестер, серіктестер болдық. Біздің арамызда көптеген нәрсе болды және ол керемет!» - деп өткенін есіне алды Решетова. 

Дегенмен, оның айтуынша, бұл өмірде өзгермейтін ештеңе жоқ. Сондай-ақ, модель Тимати екеуінің қарым-қатынасына үшінші бір адамның араласпағанын ашық айтты.

«Мен бұдан кейін не болатынын білмеймін, бірақ, өзімнің барлық энергиямды басқа бағытқа бұрғым келеді. Мен біздің қарым-қатынасымызды Ратмир үшін идеалды ата-ана тандеміне айналдыру мүмкін болады деп сенемін. Сенің мен үшін жасағандарыңа, сенің махаббатың мен шексіз қолдауыңа рахмет», - дейді Анастасия Решетова.

Сондай-ақ, Анастасия әншіден кешірім сұрап, ұлдарын жақсы тәрбиелеуге уәде берді. Еске сала кетсек, сәнбике өткен жылы қазан айында рэперге ұл сыйлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тимати