$ 494.87  520.65  4.91

Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімдері басталды

Фильмде Қазақ хандығында Қасым хан билік еткен кездер мен мемлекет өркендеп, Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумағына бақылау орнатылғаны туралы баяндалады.

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімдері басталды. Кинотуындыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсіреді, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметі.

«Ауа райының уақытша суығаны түсіру тобына қыс мезгіліндегі табиғатты түсіріп алуға мүмкіндік берді. Өндіріс кестесіне сәйкес, 2 күннен кейін түсірілім тобы өз жұмыстарын жалғастыру үшін Кеген ауылының маңына көшеді. Фильмде Қазақ хандығында Қасым хан билік еткен кездер мен мемлекет өркендеп, Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумағына бақылау орнатылғаны туралы баяндалады. Дәл осы жылдары қазақтар дербес этникалық қауымдастық ретінде біздің аумақтан тыс жерлерге де белгілі болды», - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары