$ 444.22  476.38  4.82

Қуат Хамитовқа ота жасалды

Ота сәтті өткен.
фото: фото: Instagram парақшасынан скриншот
фото: фото: Instagram парақшасынан скриншот

Атышулы спортшы Қуат Хамитов мұрнына ота жасатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аралас жекпе-жек шебері отадан кезінде түскен суреттерін Instagram парақшасына жариялады. Ол жариялаған кадрдан спортшының ота үстелінде жатқанын байқалып тұр. Ал отадан кейінгі суреттердің бірінде мұрнына қан-қан ақ дәке қойылған, ал екіншісінде құлағындағы тігістер байқалады.

"Ота сәтті өтті. Бір айдан соң қатардан көрінеміз, иншаалла", - деп жазды ол.

Осы ретте, Қуат Хамитовтың оқырмандары оған тезірек сауығып кетуін тілеп, жылы лебіздерін жаудырды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ол 8 жыл бойы дұрыс дем ала алмай жүргенін, алдағы уақытта ота жасауға ниетті екенін айтқан болатын. Оған қоса ол таяуда «Шенеуніктер мен олардың туыстарының шетелде емделуіне тыйым салу керек» деп желіге пост жариялап, көпшілікті елең еткізген еді. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары