$ 443.85  474.3  4.8

Қазақ домбырашылары Golden Time Talent сайысында жеңімпаз атанды (ВИДЕО)

Қазақстандық домбырашылар Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз Ұлыбританиядағы Golden Time Talent байқауының жеңімпазы атанды, деп жазды tengrinews.kz.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық домбырашылар Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз Ұлыбританиядағы Golden Time Talent байқауының жеңімпазы атанды, деп жазды tengrinews.kz.

Осыған дейін Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз Ұлыбританиядағы Golden Time Talent байқауының гранд-финалына өткені мәлім болған еді. Соңғы сында қазақ домбырашылары Құрманғазы мен Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін шертіп, қазіргі заман туындыларынан попурри орындады.

«Hollywood» төріне қазақтың қара домбырасын алып шығып, 72 ел қатысқан додада алтын медальге ие болдық. Құтты болсын, Қазақстан, – деп жазды Темірлан Олжабаев өзінің парақшасында.

Ұйымдастырушылар шоудың грант-финалын Лос-Анжелесте 23-27 мамыр аралығында өткізуді жоспарлаған еді.

Ал бүгін Темірлан Олжабаев өзінің парақшасында байқауда жеңіске жеткендерін жазды.

Сүйінші Қазақ елі! «Golden time talent» әлемдік байқауында 1-орын біздікі. Британиялық және Қазақстандық Командамызға үлкен рахмет, - деді ол.

Айта кетейік екі домбырашыдан тұратын ұжым 2017 жылы құрылған. Олар Димаш Құдайбергенмен бірге I'm a Singer байқауына Қытайға барған еді. Халықаралық байқауларға жиі қатысады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары