$ 444.32  473.33  4.76

«Қантөгісті тоқтатыңыздар!»: Димаш Құдайберген Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Адам өмірінен құнды ештеңе жоқ! Қантөгісті тоқтатыңыздар! Соғысқа жол жоқ!

Әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында Ресей мен Украина арасындағы соғысқа байланысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші әр адамның өмір сүруге құқылы екенін еске салып, қантөгісті тоқтатуды сұрады.

«Әр әйел мен әр ер сәби сүйіп, ұл мен қыз өсіргісі келеді. Әр адамның асқақ армандары мен өмірде мақсаттары болады. Әр адам өмір сүруге, өзінің бақытын құруға құқылы. Әлемді мейірімділік, өзара сыйластық пен махаббат құтқарады. Адам өмірінен құнды ештеңе жоқ! Қантөгісті тоқтатыңыздар! Соғысқа жол жоқ!» – деп жазды Димаш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары