Батыс Қазақстан облысына гастролдік сапармен барған Нурик Смит есімді қазақстандық рэпер сахнаға мас шығып, бейәдеп сөздер айтқаны үшін көпшіліктің сөзіне қалды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода оның сахнаға мас күйінде шыққаны байқалады.
Кейін өзін Нұрғиса деп таныстырған өнерпаз қазақ елінен ішімдік ішіп, артық кеткені үшін кешірім сұрады. Енді қайталамауға уәде берді.
«Менің есімім Нұрғиса. Мен қазір Ақтөбе тұрғындарынан және барша қазақ елінен кешірім сұрағым келеді. Мен сахнаға ішімдік ішіп алып шыққаным үшін және сахнаға шығып балағат сөздер айтқаным үшін, өзімді дұрыс ұстамағаным үшін кешірім сұраймын. Мұндай іс екінші рет қайталанбайды, сіздерге сөз беремін. Бәріміз пендеміз, бәріміз қателесеміз, бәріміз қателіктен сабақ аламыз. Көп-көп рақмет», – деді әнші.