$ 494.87  520.65  4.91

Арман Даулетияровтың анасы қайтыс болды

Анасыз қалай өмір сүретінімді елестете де алмаймын.

Танымал ресейлік медиаменеджер Арман Даулетияровтың анасы қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.

"Кеше кенеттен Анам дүниеден өтті. Ол ауырмады, шағымы да болған жоқ. Бір күн бұрын Құрбан айт тойлап, қонаққа барған. Қайтыс боларынан бір сағат бұрын анаммен телефон арқылы сөйлестік. Ал қазір ол жоқ... Бірнеше минут ішінде қайтыс болды. Жетімсіреп қалдым. Бүкіл әлемді қараңғылық басқандай. Көз жасым тоқтар емес. Анасыз қалай өмір сүретінімді елестете де алмаймын. Анашыма дұға етіңізші", – деп жазды Instagram парақшасында Даулетияров.

Анасының көзі тірісінде онымен әңгімелерін, бірге түскен суреттерін парақшасына үзбей салып отыратын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары