$ 494.87  520.65  4.91

«Семізсің»: Шахизаданың жас жігіті әншіден 10 келі салмақ тастауын талап етті

Өнер иесінің жаңа ғашығы оның семіздігін бетіне басқан.

Танымал әнші Шахизада жақында жас жігітпен көңіл қосқан болатын, деп хабарлайды Экспресс К.    

Өнер иесінің жаңа ғашығы оның семіздігін бетіне басқан. Бұл жайында әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Шахизаданың айтуынша, ол бүгінде ет, ұн өнімдерінен бас тартқан. Бұл жас жігіттің талабы екен.

"Түнгі үште тойдан шығып, тамақ ішуге келдік. Бірақ мен тамақ ішпеймін, мен жәй шай ұрттап, сендерге қарап отырамын. Өйткені маған Бағдат тамақ жеуге болмайды "семізсіз" деді. Он келі артық салмақ тастауым керек, — дейді Шахизада.

Жас жігіттің есімі Бағдат. Күні кеше екеуі Ақтау қаласына демалып әрі таныстарының тойында ән шырқап қайтты.

Жасы 60-қа тақаған Шахизада көшеде жас жігітпен қол ұстасып жүргенін Экспресс К жазды. Әншінің бұл қылығын көрген желі қолданушылары оны сынап тастаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары