$ 448.56  478.03  4.79

Режиссер-драматург Ерсайын Төлеубай: «Тарихи кино түсіре алмасаңдар, тоқтатыңдар!»

Ол бұл пікірінде соңғы уақытта түсірілген тарихи жанрдағы фильмдердің жілігі татымайтынын, нағыз қолынан іс келетін дарындар кино маңына жолай алмай жүргенін меңзеді.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Белгілі театр режиссері, Халық артисі Ерсайын Төлеубай кинорежиссерлерге сын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Театр өнерінің тіс қаққан майталманы, танымал режиссер-драматург Facebook-тегі парақшасында отандық кинорежиссерлерге өкпе білдірген.

"Тарихи көркем фильм түсіре алмасаңдар, тоқтатыңдар. Өз тарихынан өзі адасқан елді одан сайын адастырмаңдар! Әр киноларың сауатсыз, газет бетінен терілген ғылыми негізі жоқ арзан дүниелер. Талант жоқ. Режиссер тумай өнер тумайды", — деп жазды Ерсайын Төлеубай.


Ол бұл пікірінде соңғы уақытта түсірілген тарихи жанрдағы фильмдердің жілігі татымайтынын, нағыз қолынан іс келетін дарындар кино маңына жолай алмай жүргенін меңзеді.

"Кезінде бізді киноға жолатпады. Бүгінде де сол. Қолдарыңнан келмесе, бізге жол беріңдер. Көрейік кімнен кімнің озатынын", — дейді режиссер-драматург.

Театр режиссерінің өзі де сахна өнеріне кино арқылы келгенін айтып, шала режиссерлер мен шата туындыларға сын айтуға қақысы барын сөз етті.

"Елде көрсетейік деп халыққа билет сатарсың, ал бірақ, оның көңілін қалай сатып аласың? Сенің түсірген киноңа олардың берер бағасы қайда қалады? Халықтан бағасын алмаған, әлгіндегідей режиссерлердің "керемет" туындыларын маған берсеңіз, өртеп жіберер едім. Қазақ деген қазанда қайнамаған төл киноны керексіз деп есептеймін. Бір көріп, кейін қайта еске алмайтын шығарма кімге керек?" — дейді Халық артисі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары