$ 444.22  476.38  4.82

Елде мәдениет қайраткерлерін қолдауға бағытталған сыйлық тағайындалды

Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 млн теңгені құрайды.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдауға бағытталған UMAI сыйлығы туралы хабарлады.
Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 млн теңгені құрайды.

Сыйлық: театр өнері, музыка өнері, хореография өнері, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сынды 4 бағыт бойынша беріледі және 19 аталымды қамтиды.

Әр номинацияның жеңімпазы 2 млн теңге және "Үздік музыкалық-драмалық спектакль" және "Үздік балет спектаклі" номинацияларының жеңімпаздары 10 млн теңге алады.

Министр жақын арада министрлік тарапынан бұл туралы толық ақпарат ұсынылатынын атап өтті

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары