Мәдениет & Шоубиз 12.08.2022 сағат 11:20

«Назарбаевқа ұқсайды»: Тұрсынбек Қабатовтың «қартайған» түрі қызу талқыға түсті

Қабатов келіншегімен отау құрған кездегі суретін жариялады.
«Назарбаевқа ұқсайды»: Тұрсынбек Қабатовтың «қартайған» түрі қызу талқыға түсті
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тұрсынбек Қабатов пен жұбайы Мөлдір Мұқанованың отасқанына күні кеше 19 жыл толды. Әзілкештің отбасы осы уақыт ішінде үш қыз, екі ұлмен толығып үлгерді. Айтулы күнге орай Қабатов мұрағаттағы суреттерін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қабатов келіншегімен отау құрған кездегі суретін жариялады. 

"11 тамыз үйленгенімізге 19 жыл. Алтын тойға жетейік. Ата-әже болайық", - деп тілегін білдірді ол. 

Одан бөлек, әзілкеш арнайы бағдарлама арқылы жұбайы екеуінің "қартайған" шағын көрсетті. Екеуі бірге ән шырқады. 

Көпшілік Тұрсынбектің қартайған кезде еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевқа ұқсайтынын айтып жатыр.

"Болат Назарбаев екен деп қалдым", "Назарбаевтан аумай қалады екенсіз", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар