Мәдениет & Шоубиз 28.09.2022 сағат 16:20

Күйеуін Сұлтан Бейбарысқа теңеген Гүлзира Айдарбекова күлкіге қалды

Тарихтан хабары бар оқырмандар Сұлтан Бейбарыстың бейнесі мүлдем басқаша болғанын айтып, продюсерді сынға алды.
Күйеуін Сұлтан Бейбарысқа теңеген Гүлзира Айдарбекова күлкіге қалды
фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Гүлзира Айдарбекова күйеуін Сұлтан Бейбарысқа теңеп, желіде күлкіге қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желідегі әр жазбасы елдің талқысына түсетін продюсер бұл жолы да халықтың назарынан тыс қалмады. Ол күйеуі Нұртас Айдарбековтің жас кезіндегі суретін жариялады.

«Сұлтан Бейбарысқа ұқсайды екен. Бұл кісіні танығандар бар ма?», -  деп жазды Айдарбекова.

Алайда тарихтан хабары бар оқырмандар Сұлтан Бейбарыстың бейнесі мүлдем басқаша болғанын айтып, продюсерді сынға алды.

«Сұлтан Бейбарыстың көзі көк, сақал мұртты, қасы қалың ойықтай болған. Сіз де ұқсатыпсыз», – деді оқырмандардың бірі.

Ал өзге оқырмандар Қайрат Нұртастың әкесіне ұқсағанын атап өткен.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар