$ 443.85  474.3  4.8

Мирзияев Атамбаевқа 14 жыл көрмеген ағасын ертіп әкелген

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өзбек әріптесі Шавкат Мирзияевты ССРО құлағаннан кейін Өзбекстанға кеткен ағасын табуға көмектескені үшін алғысын білдірді. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлап отыр.

«Менің ағам Совет Одағы құлағаннан кейін Өзбекстанға көшіп кетті. Ол Өзбекстанның бір қаласында қарапайым мұғалім болып қызмет етті. Мен оны 14 жыл бойында көрмедім», – деді Атамбаев Самарқанда кездесу кезінде.

«Әлі есімде Ташкенттегі мен тоқтаған қонақ үйге сіз ертіп келдіңіз. Мен өмірден өткен ағамды есіме алғанда, бізді табыстырған, оған көмектескен адамды да есіме аламын. Өйткені ол Өзбекстан азаматы болды», – деді Қырғызстан президенті.

Атамбаевтың сөздерінше, 2007 жылдары екі президент те елдерінің үкімет басшылары болған екен. «Бізде нағыз бауырлардай достық және екі елдің қарым-қатынасы да нағыз бауырлардай болуға тиіс», – деп атап өтті президент.

Екі ел лидерлерінің келіссөзі Самарқандағы «Форумлар мажмуаси» сарайында өтті. Мемлекет басшылары саяси диалог мен экономикалық қарым-қатынасты дамыту мәселелері мен халықаралық тақырыптарды талқылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары