$ 498.34  519.72  4.85

Kyzdar.Net сайтының парақшасын жүргізгендер ұсталды

ҚР ҚК-нің 309-бабының 2-бөлігімен соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Интимдік қызмет көрсету бойынша жарнамалық парақша құрған күдіктілер ұстады, - деп хабарлайды polisia.kz сайтын.

Түркістан облысы ПД-нің ҰҚҚК басқармасының қызметкерлері ғаламтор желісіндегі Kyzdar.net сайтында интимдік сипаттағы қызметтерді ұсынатын жарнама парақшасын құрғандарды анықтады.

Күдіктілер Шымкент қаласының тұрғындары ұзақ уақыт бойы қыздарды жезөкшелікпен айналысуға жалдап, жеке ақпараттары мен интимдік қызмет үшін белгіленген бағаларын сайтқа шығарып отырған.  

Түркістан мен Кентау қалаларында пәтер жалға алып, оларды "массаж салоны" ретінде жасырып, интим-қызметтер көрсету үшін притон ұйымдастырған. Күдікті әйелдер өз қызметтері үшін жеңіл жүрісті қыздардан заңсыз ақшалай табыстың 50 пайызын алып отырған.     

Күдіктілер ұсталды. Олардан ақша, дәптерлер, ұялы телефондар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Полицияға Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жеңіл жүріс-жүрісті 5 қызы жеткізілді.  

ҚР ҚК-нің 309-бабының 2-бөлігімен соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары