$ 481.84  531.33  5.07

Ақмола облысында қару сақталған қойма табылды

40 жастағы ауыл тұрғыны қару-жарақ қоймасын тұрғылықты жерінде ұстаған.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

ҰҚҚК басқармасының қызметкерлері Жарқайың ауданының Пригородное ауылындағы сәтті арнайы операция нәтижесінде жергілікті тұрғыннан үш қарудан тұратын арсенал табылды, деп хабарлайды polisia.kz.
 
40 жастағы ауыл тұрғыны қару-жарақ қоймасын тұрғылықты жерінде ұстаған.  
 
Тінту іс – шаралары барысында жедел уәкілдер 12 калибрлі ИЖ-43-Е тегіс ұңғылы мылтықты, 5,6 мм калибрлі ТОЗ 16 маркалы шағын калибрлі карабинді және ИЖ 671 Корнет пневматикалық тапаншасын тәркіледі.  
 
ҚР ҚК 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары