21.03.2023, 16:30

Ақтөбе облысында көлік өртке оранды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр
32 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды

Ақтөбе облысындағы тасжолда болған жол апатының салдарынан жүргізуші қаза тапты деп хабарлады Polisia.kz.

«20 наурызда Самара-Шымкент тасжолында «ГАЗель» көлігі Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан «ГАЗель» көлігі өртеніп, 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады полициядағылар. Қазіргі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.