21.03.2023, 18:30

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Жекпе-жек 12 раундтан тұрады.

Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

BoxingScene мәліметінше, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы қазақстандық чемпион рингке 13 мамырда оралады.

29 жастағы Әлімханұлының қарсыласы 27 жастағы канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) болмақ.

Жекпе-жек 12 раундтан тұрады. Дегенмен, өтетін орны әлі анықталған жоқ.