27.03.2023, 12:00

Қызылордада күріш өндіретін 6 компания өнім бағасын шарықтатып жіберген

Фото: pixabay
Айта кетейік, елімізде өткен жылы күріш 36%-ға қымбаттаған.

Қызылорда облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне мониторинг және талдау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, мониторинг барысында басты назар өңірде өндірілетін азық-түліктің өзіндік құнына аударылды.

Департаменттің талдау тобы күріш өндіретін ең ірі 9 кәсіпорынның баға белгілеу жұмыстарына талдау жүргізілді. Оның нәтижесіне сәйкес, Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық өкілдігі 6 күріш өндіретін компанияның бағаны көтеруі қаншалықты негізді екендігін білу үшін тексеру тағайындады.

“Өзге кәсіпорындар өңірдің әлеуметтік дүкендерінде саудалау үшін облыстың Тұрақтандыру қорына арналған күріштің килограмын 420-дан 350-ге дейін түсіруге келісті. Қазіргі таңда әлеуметтік дүкендерде күріштің килограмын 350 теңгеден аспайтын бағада саудалау жұмыстары жергілікті органдар мен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік коропорациясы арасында қарастырылып жатыр”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, елімізде өткен жылы күріш 36%-ға қымбаттаған. Бағаның өсуі биыл да тоқтаған жоқ, жыл басынан бері өнім құны тағы 5,2%-ға көтерілді.