$ 498.34  519.72  4.85

Теміртауда бала өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды

Бұл туралы Теміртау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады:
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Өткен аптада Теміртауда пәтерлердің бірінен екі жасар сәбидің мәйіті табылды. Күдікті - баланың анасының серіктесі. Полиция қызметкерлері оны келесі күні ұстады. Ал бүгін, 27 наурызда Zakon.kz 24 жастағы жігіттің екі айға қамауға алынғанын білді.

Бұл туралы Теміртау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады:

26 ​​наурызда Теміртау қалалық соты күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

23 наурыз күні Теміртаудағы пәтерлердің бірінен екі жасар сәбидің мәйіті табылды. Баланың анасымен бірге тұратын 24 жастағы жігіт кісі өлтірді деген күдікке ілінген. Ол келесі күні, 24 наурызда ұсталып, кінәсін мойындаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары