Жетісу облысында көлік апатынан үш адам мерт болып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27 наурызда Ақсу ауданында Toyota Camry және Kia Rio көліктері жол апатына ұшырады.
Салдарынан үш адам қаза тапты, тағы екеуі түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға түсті.
Корей шетелдік көлігін 40 жастағы әйел, ал Toyota Camry көлігін 39 жастағы ер адам басқарған.
Жеңіл көліктер Алматы-Өскемен тасжолының 406-шақырымында соқтығысқан, жүргізушілердің бірі рульді басқара алмай, көлік қарсы жолаққа шығып кеткен.
«Тағайындалған сараптама қорытындысы бойынша тергеу барысында жол апатына кінәлі адам анықталады. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.