28.03.2023, 01:30

Өскеменде көшеде ер адамның мәйіті табылды

Фото: Pixabay
Марқұмның нақты неден көз жұмғаны әзірге белгісіз.

Өскемен қаласында көшеде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мәйітті көрген тұрғындар полицияға хабар берген.

«102» жедел арнасына Грейдерная көшесінде мәйіт жатқаны туралы хабар түсті. Бірден оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп жетті. 43 жастағы ер адамның қала тұрғыны екендігі анықталды», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Марқұмның нақты неден көз жұмғаны әзірге белгісіз.

Өлім себебін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілген. Ведомство өкілдерінің дерегінше, өзге мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жария етуге жатпайды.