$ 447.4  477.55  4.76

Екібастұзда пойыз аударылып қалды

Оқиғаның себептерін зерттеу жөнінде комиссия құрылады.
Фото: pavlodarnews.kz
Фото: pavlodarnews.kz

Жүк пойызы аударылған видео әлеуметтік желіде тарады. Роликтің астында "Екібастұз – "Богатырь көмірде" жүк тиелген  пойыз аударылып кетті" деп жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Видео кадрларынан бірнеше зақымдалған вагон мен олардан темір жол рельстеріне көмір түсіп жатқанын көруге болады. Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясында бұл жағдайдың 28 наурызда күндіз сағат бірде болғанын хабарлады.

–  "Промсервис-Отан" ЖШС айналма жолында сегіз вагон аударылды. Зардап шеккендер жоқ, – деп толықтырды ведомствода.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары