09.04.2023, 01:30

Нью-Делиде өткен даулы Гран-приде Бибісара Ассаубаева қанша табыс тапты

Фото: © instagram/bibisarachess
Асаубаева әріптесін өзімшіл деп айыптады.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанда әйелдер арасындағы Гран-приде қанша табыс тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

"Дядя Ваня" телеграм-каналының хабарлауынша, ФИДЕ әйелдер Гран-приінің әр кезеңінде 80 мың доллар көлеміндегі жүлде тағайындалады. Нью-Делиде жүлде қоры 5,5 мың долларға қысқарған, себебі екі шахматшы – Жансай Әбдімәлік пен Элизабет Петц турнирден бас тартқан.

"Үндістандағы жарыста бірден үш шахматшы өз өнерін бірдей нәтижемен аяқтады (әрқайсысы алты ұпай): Александра Горячкина (Ресей), Бибісара Ассаубаева (Қазақстан) және Жу Цзинер (Қытай). Сондықтан ереже бойынша олар Гран-при үшін 37 мың доллар мен 400 ұпайды бөліседі. Нәтижесінде әрбір шахматшы 13 446 доллар мен 133 рейтинг ұпайына ие болды», - деп жазады Telegram арнасы.

Бұған дейін Бибісара Асаубаева тағы бір қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәліктің Үндістандағы турнирге қатысудан бас тартуына байланысты дауласқан болатын. Асаубаева әріптесін өзімшіл деп айыптады.