$ 474.72  515.17  5.58

Бішкекте ұшақ апатқа ұшырады

Түркиялық әуе компаниясына тиесілі Boeing 744 жүк тасымалдаушы ұшағы "Манас" әуежайына қонарда апатқа ұшырады. Әуе көлігі Гонконгтен қырғыз астанасына қатынаған деп жазады РИА Новости Қырғызстан Республикасының ТЖМ өкілі Мұхаммед Сваров.

Ұшақ Turkish Airlines әуе компаниясына тиесілі.

"Түрік әуе компаниясының жүк тасымалдаушы ұшағы Манас әуежайына қонуға беттеген сәтте апатқа ұшырады. Себеп - ауа райының қолайсыздығы болып отыр. Ұшақ құлаған жерде саяжайдың екі үйі өртеніп жатыр", - дейді Сваров. Үйлерде адамдардың болғандығы туралы әзірге ақпарат жоқ.

Қазіргі таңда оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Экипаждың тағдыры да әлі белгісіз. Ұшақта екі пилоттан бөлек техникалық қызметкерлер де болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары