$ 498.34  519.72  4.85

Уақытша тіркелу үшін кезекте тұрған тағы бір тұрғын ХҚКО-да қайтыс болды

Алматыдағы Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында жергілікті тұрғындардың бірі қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы оқиға орнында болған куәгерлер хабарлаған.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға бүгін таңертең сағат 10-дар шамасында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, жасы елулердегі ер кісі ХҚКО-ға уақытша тіркеуге тұру үшін келіп, ұзын-сонар кезегін күтіпті. Алдын ала болжам бойынша, оның жүрегі қысылып, содан қайтыс болған.

Оқиға орнына жедел жәрдем станциясы келген. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Естеріңізге салайық, өткен аптада да дәл осылай Алматы облысында ХҚКО-да кезекте тұрған азамат қайтыс болған еді. Ол да уақытша тіркеуге тұру үшін аталған орталыққа келген дейді куәгерлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары