13.04.2023, 15:20

Қарағанды облысында бірнеше ауылға қазақша атау беріледі

фото: inform.kz
Жоба сәуірдің 27-не дейін ашық талқылауда болады.

Қарағанды облысында бірнеше ауыл атауы қазақшаланады. Құжат қоғам талқылауына шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірдегі бірқатар ауылдың атауын қазақшалау құжаты “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Жоба сәуірдің 27-не дейін ашық талқылауда болады. Бұйрыққа сәйкес облыстың екі ауданындағы ауылдық округ пен ауылдарға мынадай атау берілмек:

Бұқар Жырау ауданы ауданы Үштөбе ауылдық округіндегі Новостройка ауылы – Атамекен ауылы болып қайта аталады. Осакаров ауданы бойынша келесі ауылдық округтері мен ауылдары: Звездный ауылдық округі – Жұлдыз ауылдық округіне; Тельман ауылдық округі – Нияз ауылдық округіне; Звездный ауылдық округіндегі  Звездное ауылы – Жұлдыз ауылына; Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы – Қайыңды ауылына; Қаратомар ауылдық округіндегі Сенакосное ауылы – Қаратомар ауылына; Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы – Қаракөл ауылына; Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы – Жаңатоған ауылына өзгереді.