$ 486.44  534.31  5.06

Қарағандыда бүтіндей бір ауыл карантинге жабылды

Ірі қара малдан қарасан ауруы анықталған.
Фото: donland.ru
Фото: donland.ru

Қарағанды облысына қарасты Сарышаған кентіндегі қыстақта ірі қара малдан қарасан ауруы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақтоғай ауданы, Сарышаған кентінің «Нұрислам» қыстағының аумағындағы ірі қара малдардың арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты карантин белгіленсін. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған Сарышаған кентінің әкімі А.Тойымбековтың шешім құжатында.

Шектеу 21 сәуірде заңды күшіне енді.

Еске салайық, былтыр желтоқсанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Мартбек Мамыраев ауылдық округіндегі «Свиридов» қожалығында ірі қарадан қарасан анықталған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары