$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте алып сәби дүниеге келді

Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Шымкентте салмағы 6 келіден асатын алып нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сәбидің салмағы 6 келі 50 грамды құраған. Ал бойы 63 см. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Бес күн перзентханада жатқан олар, үйлеріне шықты. Дегенмен, дәрігерлер бақылауды үзген жоқ.

"Шымкент қалалық перзентханасында тәулігіне 30-35 нәресте өмірге келеді. Сондай арпалыс күндердің бірінде жедел жәрдем қызметкерлері жүкті келіншекті алып келді. Оның жүктілігі 39 апта екен. Тексеру барысында іштегі баланың салмағы үлкен екендігін анықтадық. Содан дәрігерлер кеңесе келе ота жасадық. Барлығы сәтті өтті", - дейді Шымкент қалалық перзентханасының акушер-гинеколог дәрігері Жарқын Данияров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары