$ 481.84  531.33  5.07

Елімізде демалыс күндері күн суып, жауын жауады

Оңтүстіктегі аудандарда шаңды дауыл болады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

29 сәуір – 1 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды ағындардың өтуімен құбылмалы күн райы қалыптасады – күн күркіреп, жаңбыр жауады, түнде солтүстікте, орталықта және шығыста қар, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда бұршақ пен жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республика аумағында жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстіктегі аудандарда шаңды дауыл болады.

1 мамырға қарай солтүстік антициклонның енуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Солтүстік пен солтүстік-батыста 1-7 градус үсік, шығыста 1-10 градус үсік болжанады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары