$ 524.58  551.91  4.93

Қандастарды балағаттаған павлодарлыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ол әлеуметтік желіде балағат сөздер айтып, Моңғол Халық Республикасынан келген кандастар туралы теріс сөздер айтқан видео жариялаған.
Фото: nastya_brovkapvl instagram
Фото: nastya_brovkapvl instagram

Қандастарды балағаттаған павлодарлық әйелдің үстінен ұлтаралық араздық тудырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“1 мамырда Instagram желісіндегі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында @nastya_brovkapvl парақшасында бойжеткен әлеуметтік желіде балағат сөздер айтып, Моңғол Халық Республикасынан келген кандастар туралы теріс сөздер айтқан видео жариялаған. Бұл дерек Павлодар қаласы ПП Солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Құқық бұзушы анықталды. Ол 27 жастағы павлодарлық әйел болып шықты. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптама тағайындалды”, – деп мәлімдеді Павлодар облысының полиция департаментінің (ПБ) бастығы Василий Скляр сәрсенбіде.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

“Материал сотта қаралып, құқық бұзушыға 20 АЕК (69 мың теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды”, – деп қосты Скляр.

Бұған дейін 1 мамырда желіде тараған видеода Настя Бровка есімді қолданушы қандастарға ғана емес, басқа да "жаңадан келгендерге" тіл тигізген. Бұған қоса, ол Павлодардың атын өзгертуге қарсы пікір айтқан. Әйел өз сөзінде балағат сөздерді көп қолданады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары