$ 498.34  519.72  4.85

Оңтүстік Кореяға кеткен жігіттер ол жақтан көлік қана емес, қалыңдық әкеліп жатыр (ВИДЕО)

"Қазақ еліне +1 кореянка" деп тараған видеодан көліктен түскен келінге қазақы дәстүр бойынша ақ орамал жауып жатқанын көруге болады.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Оңтүстік Кореяға еңбек миграциясымен кеткен жігіттер Кореядан көлік қана емес, қалыңдық әкеліп жатыр.

Бұл туралы журналист Ерқанат Көпжасарұлы желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Қазақ еліне +1 кореянка" деп тараған видеодан көліктен түскен келінге қазақы дәстүр бойынша ақ орамал жауып жатқанын көруге болады. 

Оны көрген желі қолданушылары "Жетіскен екен жігіттер! Кең маңдайлы қазақ қыздары тұрғанда не керек басқа елдің қыздары?", "Қазағым-ай кімге қыз беріп, кімнен қыз алмадың" деген сынды пікірлерін жазуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары