$ 498.34  519.72  4.85

Елордада мүлік пен қаржыны заңдастыру акциясы аяқталды

Астанада заңдастырылған мүлік пен қаражаттың көлемі 962,1 млрд теңгені құрады деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасынан тыс мүлікті заңдастыру үшін жалпы сомасы 3,2 млрд теңгені құрайтын 44 нысан бойынша 41 декларация ұсынылды, сондай-ақ, заңды тұлғалардың 15 млрд теңгені құрайтын жарғылық капиталдағы 4 үлесі заңдастырылды.

Мұнымен қоса, елордалық мемлекеттік кірістер органдарында жалпы құны 54,7 млрд теңгені құрайтын 10 мыңнан аса тұрғын және тұрғын емес нысан, сондай-ақ заңды тұлғалардың  40,9 млрд теңгені құрайтын жарғылық капиталдағы 15 үлес заңдастырылды.

Еске салайық, Қазақстанда мүлік пен қаржыны заңдастыру шарасы 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2016 жылдың 31 желтоқсаны аралығында өтті. 

Заңға сәйкес, Қазақстанда ақша, бағалы қағаздар мен заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері, сонымен қатар, өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, құрылыстар, республикадан тыс орналасқан басқа тұлғаға рәсімделген жылжымайтын мүлік, ғимараттар жария етуге жатады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары