$ 494.87  520.65  4.91

Жетісуда жақында ғана жөнделген жолды су шайып кетті

Прокурорлар тексеру кезінде аталған учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында өрескел заң бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Жетісу облысында еріген қар суының жолды шайып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кербұлақ ауданында еріген қар суының жолды шаюы салдарынан Малай Сары стансасына баратын жол жартылай бұзылып, жарамсыз болып қалды. Прокурорлар тексеру кезінде аталған учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында өрескел заң бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады.

"Бастапқыда бұл жұмыстар ағымдағы жөндеу түрінде заңсыз жүргізіліп, мемлекеттік органға жобалық-сметалық құжаттамасыз және сараптамасыз мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік берген. Бұл өз кезегінде техникалық және авторлық қадағалау міндетінен босатады", - деп мәлімдеді Жетісуға облыс прокуратурасындағылар.

Ведомстводағылар хабарлағандай, заң бұзушылықтар салдарынан су бұру жүйесінің қуаты есептелмей, атқарылған жұмыстардың сапасы қамтамасыз етілмеген.
Аталған факті бойынша Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы (қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары