АҚШ денсаулық сақтау министрлігі Илон Масктың Neuralink компаниясына адамдарға клиникалық сынақтар жүргізуге рұқсат берді.
«Біз Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан адамдарға арналған алғашқы клиникалық сынақты бастауға рұқсат алғанымызды қуана хабарлаймыз», – делінген компанияның Twitter-дегі хабарламасында.
Компанияның маймылға жасаған сынақ нәтижесі чиптің миды басқара алатындығын дәлелдеген. Масктың айтуынша, чиптерді имплантациялау технологиясы зағип немесе сал ауруына шалдыққан адамдарға көмектеседі.