$ 446.49  475.38  4.79

Түнгі клубтар мен кафелердің жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін

Министр елордадағы бір ғана бардан 352 шағым келіп түскенін айтады. Ал небәрі 5 айда полицейлер 4500 қоңырау қабылдаған.

"Бұған артық күш қажет, қала берді жанар-жағармай шығындалады. Барлығы қоғамдық тәртіп үшін". Осылай деген еліміздің бас полицейі Марат Ахметжанов қаладағы барлық кафе мен түнгі клубтардың жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды Atameken Business арнасы.

Министр елордадағы бір ғана бардан 352 шағым келіп түскенін айтады. Ал небәрі 5 айда полицейлер 4500 қоңырау қабылдаған. Одан өзге түнгі сауық нысандарында 105 қылмыстық факті тіркеліп отыр. Арыз жиілеген соң, ведомствто шектеу шарасын енгізуге мәжбүр. Нақтысы тұрғын үйге жапсарлас орналасқан сауық құратын орын 23:00-ден кейін жұмыс істей алмайды. Ал оқшау жатқандары түнгі 2-ге дейін қызметін жүргізбек. Өзгеріс кәсіп иелеріне түрпідей тиері анық, алайда қауіпсіздік алдыңғы орында, - дейді.

"Қалада 1 мың шамасында кафе мен түнгі клуб бар. Бұл  дегеніңіз айтарлық көп нысан. Бірақ іскерлердің басым бөлігі өз клиенттерінің қауіпсіздігі үшін жауап бермейді. +  Жағдай жергілікті жұрттың "жапсын!" деген талабына жетіп отыр. Бірінші проблема кәсіп иелері күзет жүйесіне қаржы үнемдейді", - деді ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Екінші мәселе  уақыт жағынан кәсіп иелерінің "өзім білемін" дегенге салатыны. Қазір елордада 582 күзет фирмасы бар. Бұл жеткіліксіз. Әрі мұндағы мамандардың дені жалдамалы болған соң, мәселе күрделі,- дейді министр. Марат Ахметжанов елордада маскүнемдерді айықтырғыш мекеменің жұмысын күшейту керектігін де сөз етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары