$ 449.58  486.94  4.86

Елорда маңындағы Талапкерде мектеп оқушысы суға кетті

Қыз баланың денесін сүңгуірлер алып шықты.
Фото: qov.kz
Фото: qov.kz

Ақмола облысында 16 жастағы қыз бала суға кетті.  Оқиға кеше кешкісін елорда іргесіндегі Талапкер ауылының маңында болған. Құтқарушылардың сөзінше, демалуға барған бес адамның төртеуі оқушы, бірі сынып жетекшісі екен, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы. 

 Оқушылар өзенде шомылып жүріп, жағадан ұзап кеткен. Салдарынан біреуі суға батып кеткен. Қыз баланың денесін сүңгуірлер алып шықты. Айта кетейік, жыл басталғалы облыста 2 адам суға кеткен. Сондықтан шомылу маусымында құтқарушылар қауіпсіздік шараларын күшейтті. Десе де, 500-ден астам су айдынын бәрін бірдей бақылауға мүмкіндік жоқ екенін де жасырмайды. 

 «Соңғы төрт жылда 58 адам суға кеткен. Қайтыс болғандардың дені тыйым салынған жерде суға түскен. Құтқарушыларға келетін болсақ, бізде нәбәрі штатта 71 адам бар. Біз үлкен су айдындарын бақылаймыз. Бірақ бәрін бірдей қадағалау мүмкін емес. Әсіресе Целиноград ауданындағы Есіл және Нұра өзендерінде қайғылы оқиға көп тіркеледі. Сондықтан біз тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға шақырамыз»,- деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Асхат Ақылжанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары