$ 475.25  505.52  4.95
Жаңалықтар 03.06.2023 сағат 22:30

Шымкентте бұрынғы тергеуші мен анықтау бөлімінің басшы ұсталды

Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
Шымкентте бұрынғы тергеуші мен анықтау бөлімінің басшы ұсталды
© Sputnik / Тимур Батыршин

Шымкентте Абай аудандық полиция басқармасының анықтау бөлімінің басшысы мен бұрынғы тергеуші ұсталды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

2 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласындағы департаменті мен қалалық полиция департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлескен жедел іс-шаралар барысында Абай аудандық полиция басқармасының анықтау бөлімінің басшысы мен бұрынғы тергеушіні ұстады.

Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар