$ 443.37  474.49  4.83

Атыраудағы Исатай-Махамбет алаңында ер адам қайтыс болды

Марқұм жақын маңда орналасқан құрылыс алаңда жұмыс істеген.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Атыраудағы Исатай-Махамбет алаңында 60 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 4 маусымда болған.

"Дене жарақаттары жоқ, алдын ала болжам бойынша денсаулығына байланысты қаза тапқан. Ер адам 1963 жылы туған", дейді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Марқұм жақын маңда орналасқан құрылыс алаңда жұмыс істеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары