$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Жаңалықтар 05.06.2023 сағат 01:30

Елена Рыбакина Ролан Гарросте ерекшеленді

Елена Рыбакинаны ең әдемі киінген теннисшілер қатарына қосты.
Елена Рыбакина Ролан Гарросте ерекшеленді
Фото: ҚазАқпарат

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінде киген киімімен ерекшеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейлік «Чемпионат» порталы Елена Рыбакинаны ең әдемі киінген теннисшілер қатарына қосты.

«Елена Рыбакинаның киімі бөлекше: ол Аdidas-тан Yonex фирмасына көшіп, мұны әдемі жасады. Теннисшінің жанкүйерлері оны алқызыл кофта мен қою-көк түсті шорти киген түрінде көрді» деп жазды аталмыш портал.

Елена Рыбакина сырқаттанып қалуына байланысты үшінші айналымда испаниялық Сара Соррибес-Тормомен ойынға шықпаған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос матчына неге шықпағанын түсіндіргенін жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар