$ 514.65  544.6  5.17

Құрбан айт-2023: Қашан және қанша күн демаламыз?

Құрбандыққа қой, ешкі, ірі қара немесе түйе шалу керек. Малдың еркегі де, ұрғашысы да жарайды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Биыл, 2023 жылы Қазақстанда Құрбан айт 28-30 маусым аралығында мерекеленеді. Бұл туралы ҚМДБ 2023 жылғы діни күндер кестесінде жарияланған, деп хабарлайды Massaget.kz.

Құрбан айтта қанша күн демаламыз? 
2023 жылы Құрбан айт 28 маусымға сәйкес келеді, бұл қазақстандықтарға қосымша демалыс береді.

Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер:

26 маусым, 27 жұмыс күні, 28 маусым демалыс, 29 маусым, 30 жұмыс күні;

Алты күн жұмыс істейтіндер:

26 маусым, 27 жұмыс күні, 28 маусым демалыс, 29, 30 маусым және 1 шілде жұмыс күні.

Құрбан шалудың мағынасы неде?
Құрбан дегеніміз - мұсылман баласының өз еркімен немесе нәзір себепті яки Құрбан айт күндері Алла Тағаланың разылығына бөленуді ниет етіп, Жаратушыға жақындаудың, құлшылық етудің бір амалы ретінде құрбандыққа шалынатын мал.

Біріншіден, Алла өзіне мал-мүлік пен білім берген адам. Бұл кісі мал-мүлкін Алла жолында жұмсайды, туыстарына қарайласып, байлығы мен дүние-мүлкінде Алланың ақысы бар екендігін біледі. Бұл - ең жоғарғы дәреже.

Екіншіден, Алла өзіне білім берген, бірақ мал-мүлік бермеген адам. Бұл адам жақсы ниетпен «егер менде де байлық болса, менде оны Алла жолына жұмсайтын едім» деген ниетте болады. 

Үшіншіден, адам баласы құрбандық шалу арқылы мұқтаждарға қайырымдылық жасап, мейірімділік танытады. 

Құрбандыққа қандай мал шалу керек? 
Басты талап - құрбандыққа таңдап алынған малдың сау, мінсіз болуы керек.

Құрбандыққа қой, ешкі, ірі қара немесе түйе шалу керек. Малдың еркегі де, ұрғашысы да жарайды. Еті көп, дәмі жақсы болғаны дұрыс.
Екіншіден, ақауы жоқ, мінсіз малды құрбандыққа шалу. Көзі көрмейтін, бір көзі жоқ, ақсақ, тым арық, тістері жоқ, құлағы кесілген, желіні кепкен, құйрығы немесе құлағының үштен бір бөлігінен көбі кесілген малды құрбандыққа шалу дұрыс емес. 
Белгілі жасқа жеткен малды құрбандыққа шалу. Қой мен ешкі бір жасқа жету керек. Үлкендігі бір жасар қойға ұқсас алты айға толған семіз әрі ірі қойды да құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі. Ал, ірі қара екі жасқа, түйе бес жасқа толуы шарт. 
Құрбан қай уақытта шалынады? 
Құрбандық шалудың белгілі уақыты бар. Құрбандықты одан алдын немесе кейін шалуға болмайды. Уақытынан бұрын шалған құрбандық өз отбасы үшін сойылған мал секілді. Ол құрбандық болып есептелмейді.

Ал Құрбан айттан кейін шалса, оның етін садақа ету уәжіп болады, одан өзі жемейді. Құрбандық шалу уақыты айт намазы оқылатын жерлерде айт намазынан кейін, ал айт намазы оқылмайтын ауылдарда таң атқаннан соң басталып, айттың үшінші күні күн батқанға дейін жалғасады.

Қалалық жерде тұратын адам құрбандығын шалу үшін оны айт намазы оқылмайтын бір ауылға жіберсе және құрбандық сол ауылда таң атқаннан кейін шалынса, дұрыс болады. Себебі құрбандық иесінің тұратын жері емес, құрбандық шалынатын жер есепке алынады.
Қатты суық, тасқын су, қалың қар және басқа да дәлелді себептермен айт намазы оқылмай қалса, құрбандық малы шамамен айт намазы оқылатын уақыт өткеннен кейін, яғни, күн шыққан уақыттан бір сағат өткізіп шалынады.
Бір күнді айт күні деп есептеп, адамдар сол күні айт намазын оқыса және құрбандық шалса, сосын оның арапа күні екені анықталса, оқыған намазы және шалған құрбандығы дұрыс болады[3]. Ал құрбан айт күнінің келмегенін біле тұра шалған құрбандығы жәй садақа болып қалады. Қазақ дәстүріндегі шектік рәсімі осыған тура келеді.
Құрбандықты күндіз де, түнде де шалуға болады. Дегенмен түнде құрбан шалу мәкруһ делінген[4]. Сондай-ақ құрбандықты айттың бірінші күні шалғаны абзал. 
Көрші елдерді Құрбан айт қашан болады? 
Қырғызстанда, Ресейде (Мәскеуде), Өзбекстан, Түрікменстан, Қытайда Құрбан айт 28 маусымда басталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары