$ 446.49  475.38  4.79

Елімізде пәтер бағасы арзандай бастады

Бұл сәуірге қарағанда 0,4%-ға аз.
Фото: kazgazeta.kz
Фото: kazgazeta.kz

 Мамырда Қазақстанның 13 қаласында екінші нарықта пәтер бағасы түсті. Тек төрт қалада қымбаттап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мониторингке сәйкес, өткен айдың қорытындысы бойынша орташа баға 374 556 теңгені құраған. Бұл сәуірге қарағанда 0,4%-ға аз.

Баға қатты төмендеген қалалар:

— Астанада — 1,3%;

— Өскеменде — 1,2%;

— Атырау — 1%;

— Алматы — 0,9% төмендеген.

Шымкентте, Таразда (+0.2 %), Семейде (+0.4 %), Ақтауда (0.5 %) көтерілген.

Мамырдың қорытындысы бойынша 1 шаршы метрдің ең жоғары орташа бағасы:

Алматыда — 706 мың

Астанада — 475 мың

Шымкентте — 433 мың.

Ең төмені – Қызылордада (236 мың), Ақтөбеде (293 мың), Таразда (306 мың) тіркелген.

Жыл басынан бері екінші нарықтағы пәтерлер айтарлықтай қымбаттады: +0,4 %.

Ең қатты өсім – Ақтауда +4,2 %, ең төмені Көкшетауда — 3,3 %.

Жалпы бес айда 12 қалада баспана қымбаттаған, соның ішінде Алматыда, Шымкентте - 2%, бес қалада, соның ішінде Астанада — 1,7 % арзандаған.

Ал, бір жылдық динамика бойынша (2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың мамырына дейін) екінші нарық орташа 3,8 %-ға қымбаттаған.

Ең үлкен өсім Ақтауда - 13,4 %. Ең төмені Талдықорғанда — 5,2 %.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары