$ 498.34  519.72  4.85

Серік Күдебаев сот үкіміне шағым түсірді

2023 жылғы 28 сәуірде Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев сот үкіміне шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі Алматы облысы полиция департаментінің сотталған бұрынғы басшысы Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсіргенін хабарлады.

"Серік Күдебаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым 29 маусым сағат 15:00-де Жетісу облыстық сотында қаралады деп белгіленді", – делінген хабарламада.

2023 жылғы 28 сәуірде Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары