$ 448.15  483.46  4.86

Тұңғыш Президент кеңсесінің қызметкерлері басқа ұйымдарға ауысады

Бұл тұрғыда министр енді ондай кеңсе болмайтынын айтты.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Тұңғыш Президент кеңсесінің қайта құрылымдаудан өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде аталған кеңсені қайта құрылымдау жүріп жатыр. Ондағы қызметкерлердің бір бөлігі басқа ұйымдарға ауысады, ал тағы бір бөлігі қысқаруға жатады», - деді Е.Жамаубаев Мәжілісте тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда министр енді ондай кеңсе болмайтынын айтты.

«Ол кеңсе қайта құрылымдау процесінен өтіп жатыр. Бір жарым айдың ішінде бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын», - деді ведомство басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары