$ 486.44  534.31  5.06

Маңғыстауда жылқылар мұнай ішіп жүр

Оның үстіне, сол аумақта мал жайылып жүр.
Фото: Massaget.kz
Фото: Massaget.kz

Маңғыстаулық экологтар мұнай төгілген ұңғымалардың иесін жауапкершілікке тарта алмайтындарын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Маңғыстауда Жетібай ауылынан 15 шақырым жерде мұнай төгіліп, қоршаған ортаны ластап жатыр. Оның үстіне, сол аумақта мал жайылып жүр.

Экологтар аталған аумақтың "Шалва" кен орнына тиісілі екенін анықтаған. Алайда, ешкімді жауап тарта алмайды. Себебі ескі ұңғымалардың қазір иесі жоқ көрінеді. Ал жер учаскесі мемлекет меншігіне берілген. Сондықтан ластанған аумақты қоршаудан басқа амал жоқ. Бұл бағытта жұмыстар басталған.   

"Шалва" кен орны бұрын "Мұнайсервис" мекеменің атында болған. Қазіргі таңда ол мекеме жоқ. Біздер тиісті тексеру жұмыстарын жүргіздік. Алайда, олардың басшылары Қазақстанда болмағандықтан, тиісті шара қолдануға мүмкіндік болмай отыр. Кінәлілерді табу үшін құқыққорғау органдарына хабарласу керек деп ойлаймын", - дейді облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Мағжан Ғалымов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары